Вернуться к списку статей

Қысқы трансфер көмбесі көрініп, ауыс-түйіс қыза түсті

Футбол
1K
Фото: fcirtysh.kz
Қысқы трансфер кезеңінің жабылуына санаулы күндер қалғанда Қазақстан премьер-лигасында ауыс-түйіс қайтадан қыза түсті.

«Ордабасы» футбол клубы тәжірибелі қақпашымыз Давид Лориямен келісімшартқа отырғанын өзінің ресми сайты арқылы жариялады. Бірақ Кәсіпқой футбол лигасының сайтында әлі тіркелмеген. Әрі, бұған дейін жазғанымыздай, Таңат Нөсербаевты маусым соңына дейін «Тобыл» клубына жалға берді.

«Шахтер» шабуылшы тапқанына мәз. Құрамын Швейцария шабылшысы Даниэль Суботичпен толықтырғанын бүгін ғана жариялады. «Портсмут» (Англия), «Базель» (Швейцария), «Гроссето» (Италия), «Зюльте Варегем» (Бельгия), «Волынь» (Украина) «Габала» (Әзірбайжан), «Шериф» (Молдова) клубтарында және Румыния, Кувейт, Корея елдерінде доп теуіпті. Бірақ ешбір командада ұзақ тұрақтамаған, әрі кетсе екі маусым ойнаған екен.

«Жетісу» клубы да құрамына бір шабуылшы қосты. Словения шабуылшысы Дино Мартинович – «Динамо» (Загреб) клубының түлегі. Хорватия, Словения клубтарында және Италия, Швейцаия, Болгария елдерінде өнер көрсеткен. Негізінен оң қанатағы жартылай қорғаушы шебінде ойнайды екен.

«Қайсар» Кәсіпқой футбол лигасына ресми түрде үшінші қақпашысын тіркепті. «Байқоңырдың» голкипері Нұрымжан Салайдин (27.10.95) 34-нөмірмен Қызылорда клубы ойыншыларының тізіміне енгізіліп. Исламқұлов пен Григоренконың ортасында тұр...    

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика