Вернуться к списку статей

Араға 12 жыл салып "Ақтөбе" "Қайратты" Шымкентте қабылдайды

Футбол
1K
Қазақстан Премьер-лигасының 3-ші туры аясындағы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы Шымкентте өтеді.

Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы стадионының дисквалификацияға ұшырауына байланысты және Орталық стадионның резервтегі алаңының да «жарамсыз» болғандығынан «Ақтөбе» Премьер-лиганың 3-ші туры аясында Алматының «Қайратын» Шымкентте қабылдайды.

Ойын 31 наурыз күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы сағат – 15:00.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының арнайы комиссиясы Қобыланды батыр атындағы стадионды «жарамсыз» деп танығаннан кейін «ақтөбеліктер» әртүрлі варианттар қарастыра бастаған. Тіпті, алматылықтармен ойын алмасу жағын да ойластырған. Алайда, келіссөздер нәтижесін бермеген секілді. Ақыр соңында таңдау Шымкентке түсіпті.

Жалпы, соңғы рет «Ақтөбе» ел чемпионатының аясындағы алғашқы ойынын Қобыланды батыр атындағы стадионда 2004 жылы өткізген. Содан бері «Ақтөбе» маусымдағы алғашқы қонақтарын үнемі не қосалқы стадионында, не өзге қалаларда қабылдап келеді. Ал 2006 жылы Шымкенттің Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында өткізіп, «Энергетикті» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Сол маусымда «Ақтөбе» ел чемпионатында екінші орын алған еді.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика