Қазақстан U-19 құрамасы 19-28 наурыз аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Әрі осы жиын барысында Александр Кузнецов жаттықтыратын бозбалаларымыз Албания-U19 құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарланып отырған көрінеді (24 және 27 наурыз күндері).
Бұл жиынға Қазақстан-U19 құрамасының бапкерлері мына футболшыларымызды алып кетіпті:
қақпашылар – Олег Медведев («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»);
қорғаушылар – Әлім Ілиясов, Совет Сағи (екеуі де – «Астана»), Дінмұхамед Қашкен («Жетісу»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Жантөре Жұмәділов («Ширак», Армения), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»);
жартылай қорғаушылар – Жасұлан Қайыркенов, Сұлтан Сағынаев, Руслан Махан, Лев Скворцов (бәрі де – «Астана»), Мәди Жақыпбаев («Шахтер»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»);
шабуылшылар – Владиcлав Прокопенко (Астана), Максим Ваганов («Ордабасы»), Вячеслав Швырев («Қайрат»);
Жаттықтырушылар құрамы:
Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы,
Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың жаттықтырушысы.