Вернуться к списку статей

Болгария Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Футбол
1K
Болгария Қазақстанға қарсы құрамы жариялады
Наурыздың 26-сы күні Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен жолдастық кездесу өткізеді. Кеше Станимир Стойловпен қатар болгарлардың бапкерлер алқасы да өз командасының құрамын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз алдымен 23 наурызда Будапештте Венгриямен кездесіп, арада үш күн өткенде Фельчут қаласының «Панчо Арена» стадионында Болгарияға қарсы алаңға шығады. Ал өз кезегінде болгарлар бізге дейін Босния және Герцеговина құрамасымен кездеседі.

Болгарлардың бас бапкері Питер Хубчев бұл кездесулерге 23 ойыншыны шақырған. Команда 19 наурыз күні Разград қаласында жиналып, төрт күндік оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Болгария ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Пламен Илиев («Астра», Румыния), Бойдар Митрев («Левски»);

Қорғаушылар: Васил Бозайкав («Слован», Словакия), Страхил Попов («Касымпаша», Түркия), Питер Занев («Амкар», Ресей), Камен Хаджиев («Берое») Божидар Чорбаджийски (ЦСКА София), Николай Бодуров (ЦСКА София), Цветомир Панов («Лудогорец»),

Жартылай қорғаушылар: Симеон Славшев («Лехия», Польша) Георгий Костадинов («Маккаби Хайфа», Израиль), Ивайло Чочев ( «Палермо», Италия), Станислав Манолев (ЦСКА София), Мартин Райнов («Берое»), Михаил Александров («Арсенал», Ресей), Тодор Неделев («Ботев»), Кирилл Десподов (ЦСКА София), Радослав Кирилов («Пирин»), Иван Минчев («Славия»), Ивелин Попов («Рубин», Ресей), Георгий Миланов (ЦСКА, Ресей).

Шабуылшылар: Спас Делев («Погонь», Польша), Андрей Галабинов («Дженоа», Италия).

Бас бапкері – Питер Хубчев

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика