Вернуться к списку статей

Масудов Жайық жағасында – Оралдан Атырауға ойысты

Футбол
1K
Фото rfcatyrau.kz сайтынан
«Атырау» футбол клубы бүгін ресми түрде бас бапкерін жариялады. Команда тізгіні отандық маман Вахид Масудовқа сеніп тапсырылыпты.

Соңғы жылдары «Ақжайық» клубын жаттықтырып, екі маусым қатарынан қалтасы жұқа Орал клубын премьер-лигада алып қалған 58 жастағы маман Жайық жағасында қалатын болыпты. Бірақ енді «Атырауға» ауысқан. Осы ретте, еске түсірерлігі, Масудов 2009-2010 жылдары «мұнайшылар» клубын жаттықтырған.

Сол кезде Вахид Масудов «Атыраумен» Қазақстан кубогын жеңіп алып, Еуропа лигасында бақ сынау құқығына қол жеткізген. Ал ел чемпионатында 6-орынға ие болған-ды. Енді осы жетістіктерін қайтадан қайталап көруге тырысары хақ. Клуб басшылары да соны күтеді.  

Жалпы, Масудов «Тараз», «Қайрат», «Ақтөбе», «Жетісу», «Шахтер», «Восток», «Ордабасы», «Ақжайық» және т.б. клубтарды жаттықтырған. 2001-2002 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып, 2016 жылы еліміздің жастар құрамасының тізгінін ұстаған. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика