Жаттықтырушылар кеңесі ұлттық құрамамыздың бас бапкеріне сенімсіздік білдірген. Сондай-ақ, Александр Бородюк те өз жұмысына қанағаттандырарлықсыз деген баға берген екен.
Енді ол өзінің көмекшілерімен бірге жақын уақытта ұлттық құрамадағы орнын босатады деп күтілуде. Әзірге бұл қызметке кімнің келетіні әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Қазақстан футбол федерациясымен үш жылға келісімшартқа отырған Александр Бородюк былтыр ұлттық құрамамызды жеті кездесуге бастап шыққан. Соның алтауында жеңілістің кермек дәмін татса, біреуінде тең түскен. Гол айырмашылығы – 4:18.
Әзірге Александр Бородюктің орнын кімнің басатыны әлі белгісіз. Былтыр оның алдында ұлттық құрамамызды отандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтырған. Талғат Маруанұлының кезінде бас командамыз сегіз ойын өткізген екен. Оның екеуі біздің футболшылардың жеңісімен аяқталса, үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, тағы үшеуінде ұтылғанбыз. Гол айырмашылығы – 6:14.
Ендеше Ресейден үкілеп бапкер шақырудың не қажеті болды екен?