Өткен маусымда көш соңында қалған және премьер-лигаға биыл қосылып отырған командалар биылғы маусым аралығында белсенділік танытты. Төрт клубтың сапында ауыс-түйіс өте көп. Әрі екеуі бас бапкерін ауыстырды. Енді, не болары белгісіз.
Оның үстіне, «Ақтөбенің» төбесінен «қара бұлт» түйіліп-ақ тұр. ҚФФ Дауларды шешу палатасы жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салып, «қамшысын» үйіріп-ақ тұр. Әйтсе де, бұл клуб құрамын жақында ғана бір топ футболшымен толықтырған болатын. Оларды алаңға шығара ала ма, жоқ па? Ол да белгісіз...
«Ақтөбе». Бас бапкері – Владимир Муханов (Ресей)
«Ақжайық». Бас бапкері – Владимир Мазяр (Украина)
«Жетісу». Бас бапкері – Дмитрий Огай (Қазақстан)
«Қызыл-Жар». Бас бапкері – Никола Спасов (Болгария)