Ел чемпионы 11 наурыз күні Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді. Осы матчтың билеттері сатып алған күніңізге және трибунадағы секторға байланысты 375-1000 теңге аралығында болады екен.
Жалпы, «Астана» футбол клубының ресми сайты биылғы маусымдағы баға саясатын жариялаған:
«Жұмсақ» орындар (W3-W7) – 1000 теңге
1-санатты орындар (W3-W7, E3-E7) – 700 теңге
Барлық басқа орындар – 500 теңге.
Бірақ бұл бағалар матч өтетін күні осылай болады екен. Ал егер ертерек сатып алсаңыз 25% жеңілдік қарастырылған көрінеді.
Ең бастысы, «Астана» ҚПЛ және Қазақстан кубогы аясындағы ойындарын қарсыластарының деңгейіне қарай үш санатқа бөлу туралы шешім қабылдаған:
1-деңгей – «Қайратпен» өтетін ойындар. Билет бағасы: 500-1500 теңге.
2-деңгей – «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл», «Шахтер» және «Ақтөбе». Билет бағасы: 500-1200 теңге.
3-деңгей – «Қайсар», «Атырау», «Ақжайық», «Жетісу» және «Қызыл-Жар». Билет бағасы: 500-1000 теңге.
Бірақ билетті ертерек, алдын-ала сатып алсаңыз арнайы жеңілдіктер бар көрінеді. Мысалы, матчқа дейін, бір апта бұрын сатып алатын болсаңыз – 50% (билеттер алдын-ала сатылса), ойынға екі немесе одан да көп күн қалғанда – 25%.
Сонымен қатар, CIP-BOX билеттері де сатылымға шығады екен. Олардың бағалары: 1 орын – 5000 теңге, 12 орын (1 бокс) – 50 000 теңге. Соңғысы, дос-жарандарыңмен жиналып барғанға ыңғайлы секілді...