Бүгін бұл ақпаратты azerisport.com басылымы таратты. Бұл жөнінде оларға спорттық клубтардың Түркияда жиын ұйымдастыру және өткізу мәселесімен айналысатын, арнайы лицензиясы бар Салман Баки мәлімет берген.
– Бірнеше жыл бұрын Ресей, Украина, Қазақстан және Румыния клубтары Түркияда тұрақты түрде оқу-жаттығу жиынын өткізіп тұратын. Соңғы жылдары оларға Беларусь, Әзірбайжана, Араб елдері, Иран, Грузия, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария, Дания, Хорватия, Сербия, Ирландия және Жапония командалары қосылды. Биылғы жылы осы мемлекеттердің клубтарынан түскен жалпы түсім (пайда) 120 000 000 еуроны құрайды, – деген жоғарыда аталған маман.
Шынымен де, біздің клубтарымыздың барлығы да дерлік маусым арасындағы оқу-жаттығу жиындарын түрік ағайындарымыздың жерінде жүргізеді. Мәселен, биыл премьер-лигадағы «Астанадан» басқа 11 командамыз дайындық жұмыстарын Түркияда өткізді. Екі қайта барғандары да бар...