Бұл – Қазақстан U-17 құрамасының жыл басынан бергі екінші жаттығу жиыны. Игорь Свечников жаттықтыратын бозбалаларымыз бұған дейін, яғни 23-30 қаңтар аралығында Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.
Енді 4-12 наурыз аралығына Талғарға жиналып, тағы да оқу-жаттығу жиынын өткізетін болыпты. Бұл жолы құрама сапы сәл өзгерген. Бапкерлер құрамы кейбір футболшыларды іс жүзінде тексеріп көруді жөн санағандай. Сонымен, құрама сапына мына футболшылар шақырылған:
қақпашылар – Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де – «Қайрат»), Бекнұр Төреханов («Оңүстік» академиясы);
қорғаушылар – Қайрат Жақыпбеков, Дамир Қасаболат, Роман Балута, Лев Кургин (бәрі де – «Қайрат»), Қаһарман Хасанов («Оңүстік» академиясы), Ерлан Ақылтайұлы («Алтай»), Юрий Аханов («Астана»);
жартылай қорғаушылар – Асқар Сәтішев, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Дарын Ергешев (бәрі де – «Оңүстік» академиясы), Ғалымжан Кенжебек, Арсен Азатов, Омар-Василь Нұртай, Ален Айманов, Александр Бовкун (бәрі де – «Қайрат»), Еркінбек Азамат («Тараз»), Денис Митрофанов («Алтай»), Юрий Рогальский («Ертіс»);
шабуылшылар – Арман Алтаев, Айбар Құсайын (екеуі де – «Қайрат»).
Резерв:
қорғаушы – Александр Ни («Қайрат»);
жартылай қорғаушы – Алдияр Тастанов («Астана»).
Жаттықтырушылар құрамы:
Игорь Свечников – аға жаттықтырушы,
Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.