Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып Станимир Стойлов тағайындалғандығын ресми түрде мәлімдеді. Келісімшарт мерзімі – екі жыл. Болгария маманының біздің футболымызды жақсы білетіндігі де ескерілген.
Станимир Стойлов «Астана» клубынан кеткендігін, енді Қазақстан құрамасын жаттықтыратындығын және қазақ футболының абыройын асқақтатуға бар күшін салатындығын мәлімдеді. "Менің мақсатым – ұлттық құрама деңгейін көтеру" дейді Болгария маманы...
Баспасөз жиынын толығырақ біздің сайтымыздан күтіңіздер...