Вернуться к списку статей

«Қайсар» түркімендерді ұтып, «Ордабасы» грузиндерден ұтылды

Футбол
1K
Фото fcordabasy.kz сайтынан
Бүгін Қазақстан премьер-лигасындағы алты клуб жолдастық кездесу өткізіп, екеуі жеңіске жетіп, біреу тең түсті. Қалғаны ұтылып қалды.

«Қайсар» Түркіменстанның соңғы төрт жылдағы чемпионы «Алтын Асыр» (Ашхабад) клубын тізе бүктірді. Голдарды Тоқтар Жаңғылышбай мен Кениядан келген шабуылшысы Пол Вере салыпты.

«Ақжайық» былтыр Украинаның 1-лигасында 10-орынға табан тіреп тұрған «Оболонь-Бровар» клубын бір доп айырмасымен ұтты. Жалғыз голды Орал командасының жаңа ойыншысы Игорь Худобяк соғыпты.

«Ертіс» Ресейдің 1-лигасында ойнайтын, әзірше 17-орынға саялап тұрған (барлығы – 20 команда) «Томь» клубымен тең түскен. Ал «Ордабасы» Грузияның өткен маусымдағы күміс жүлдегері «Динамо» (Тбилиси) клубына есе жіберіп алды. Жалғыз голды Мардан Төлебек соққан.

«Атырау» былтыр Беларусь чемпионатында 11-орынға ие болған «Ислочь» клубынан ұтылса (голды Предраг Сикимич соққан), «Қызыл-Жар» Украина чемпионатының 1-лигасында 12-орынға жайғасқан «Рух» клубына екі доп айырмасымен есе жіберіп алған.

«Қайсар» – «Алтын Асыр» (Түркіменстан) – 2:0

«Ақжайық» – «Оболонь» (Украина) – 1:0

«Ертіс» – «Томь» (Ресей) – 0:0

«Ордабасы» – «Динамо» (Тбилиси, Грузия) – 1:3

«Атырау» – «Ислочь» (Беларусь) – 1:2

«Қызыл-Жар» – «Рух» (Украина) – 0:2

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика