Башқұртстан клубы Еркебұлан Сейдахметті Ресей чемпионатына тіркегендерін ресми түрде жариялады. Жейдесіне, тегінің орнына «Еркош» деген лақап аты жазылатын болыпты. Қазақтың жас талантына 10-нөмір беріліпті.
Дәл қазір «Уфа» Ресей чемпионатының премьер-лигасында 6-орында тұр. 20 ойынан 27 ұпай еншілеп, тек «Локомотив», «Зенит», «Спартак», «Краснодар», ЦСКА секілді азулы клубтардан кейін тұр. Келесі ойынын 4 наурыз күні, өз алаңында Мәскеудің «Динамосымен» өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Сейдахмет жыл басынан бері «Уфа» клубымен Кипрде екі оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Төрт жолдастық кездесуде алаңға шығып, «Алки» (Ларнака) командасының қақпасына гол да соққан.