Вернуться к списку статей

«Спортингтің» президенті клуб қызметкерлеріне газет сатып алуға тиым салды

Футбол
1K
«Спортингтің» президенті клуб қызметкерлеріне газет сатып алуға тиым салды
Бүгін «Астананың» Еуропа лигасы 1/16-финалындағы қарсыласы «Спортинг» футбол клубында Бас Ассамблеясының жиыны өтіп, президенттік сайлауда Бруно де Карвальо 90 пайыздық дауыспен жеңіп шықты.

46 жастағы басшы «Спортинг» спорттық клубының президенті болып алғаш рет 2013 жылдың наурыз айында сайланған болатын. Өткен кейін 2017 жылы да екінші мерзімге қайта сайланған. Бүгін де Бас Ассамблеяның кезектен тыс жиыны өтіп, Бруну де Карвальо үшінші мерзімге президент болып сайланды.

Дегенмен, Карвальоға қарсы клубтың 6 мыңға жуық серіктесі дауыс берген екен. Алайда, «Спортингте» серіктестер саны 150 мыңнан асып жығылады.

Ассамблеяның жиынынан кейін журналистерге сұхбат берген Де Карвальо клубқа бірнеше өзгерістер енгізіпті.

– Бүгінде «Спортинг» өз алдына ақ-жасыл планетаға айналды.  Біз ешқашан өзіміздің қарсыластарымыз секілді масқара болмаймыз. Клубқа өзгерістер енгіземіз. Бұдан былай әлеуметтік желілерді азырақ пайдаланамыз. Ендігәрі спорттық газеттер сатып алмаймыз және теледидар қарамаймыз. Тек өзіміздің клубтық арнаны ғана қосамыз. Енді бұқаралық ақпарат құралдары бізге басқаша қарайтын болады, - деді Бруно де Карвальо.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Еуропа лигасының 1/16-финалы аясында өз алаңында «Спортингтен» 1:3 есебімен ұтылған. Енді жауапты матч 22 ақпанда Лиссабонда өтеді.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика