Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейдахмет – АПЛ мен Примерада ойнаған ең алғашқы қазақ болғым келеді

Футбол
1K
Фото fcufa.pro сайтындағы бейнежазбадан қиылып алынды
Қазақтың жас таланты Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» клубымен келісімшартқа отырып, мұны дүйім жұртқа жар салып жариялағандар аз болмады.

«Қазақтың Мессиі» «Уфа» клубымен келісімшартқа отырды – деп ақпарат таратқан басылымның бірі ресейлік championat.com болды. Бұл басылымның өзгелерден асып түскені, Еркебұланның жасыл алаңдағы басты мақсатын қазбалап сұраған. Сөзге тартқан. Сырын білген...

Ресей премьер-лигасы – деңгейі өте жоғары чемпионат. Мен Испания мен Англияға ауысу үшін шүмектетіп, көп тер төгіп және жаттығып, шеберлігімді шыңдай түскім келеді. Қазақстан жанкүйерлері маған ылғи жазып, үнемі қолдап отырады. Білемін, мен – Қазақстанның үмітімін. Өкінішке қарай, бізде әзірше шет елде ойнайтын бірде-бір жоғары деңгейлі футболшы жоқ. Ал менің АПЛ мен Испания примерасында ойнаған ең бірінші қазақ болғым келеді, – деп ағынан жарылыпты Еркебұлан championat.com басылымына.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика