Вернуться к списку статей

Қазағы көп «Қайсар» «Қара кұрлықтан» шабуылшы алды

Футбол
1K
Фото fckaysar.kz сайтынан
Қызылорданың «Қайсары» құрамын екшеп, нығайта бастады. Бүгін кения шабуылшысымен келісімшартқа отырғандарын ресми түрде жариялады.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайсар» Кения құрамасының шабуылшысы Пол Веремен келісімшартқа отырыпты. 24 жастағы шабуылшы өз елінің ұлттық құрамасы сапында 29 ойын өткізіпті. Өткен маусымда Грекияның 2-лигасындағы «Каламата» клубының сапында ойнапты.

Эллада елінің екінші лигасынан кейін қазақтың премьер-лигасында қалай ойнайтындығын уақыт көрсетер... Бәріне уақыт төреші. Жалпы, 2017 жылы 33 ойында 30 гол ғана соққан «Қайсар» биылғы маусым аралығында шабуылшыларын түгелдей дерлік өзгерті.

Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Қызылорда «Қасқырлары» өз түлегі Дәуренбек Тәжімбетовпен еңбек келісіміне қол қойды. Ал қаңтар айының аяғында Мартинка аралының шабуылшысы Йоанн Аркинмен де бір жылға келісімшартқа отырған болатын.

Былтырғы құрамынан тек Тоқтар Жаңғылышбай қалды десек те болады. Содан соң маусым ортасында келген Франк Джа Джедже бар. Былтыр 13 ойында бір-ақ гол соққан Милан Бойович «Жетісу» клубына кеткен. Енді қызылордалықтар сапындағы өзгерістерге тоқтала кетейік:

Кеткендер: Е.Алтынбеков, Б.Омаров, Р.Сақалбаев, А.Мулдаров, В.Аржанов, М.Бойович;

Келгендер: А.Тағыберген, А.Марочкин, М.Гурман, Д.Тәжімбетов, Й.Аркин, П.Вере.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика