Бұл ақпаратты бүгін шетелдік және отандық басылымдар жариялай бастаған. Ал кешкісін Кот-д'Ивуар шабуылшысының Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасына «Бейжің Энтерпрайзес» клубымен келісімшартқа отырғандығын жазып, бірнеше суретін жариялады.
– Сербия, Уругвай және Иран жанкүйерлерінен кешірім сұраймын, бірақ сіздердің клубтарыңыздың басшылары менімен тікелей хабарласқан жоқ. Олар тек баспасөзге мені «келеді» деп жар салды. Сол себепті футболды білетін және түсінетін адамдардың бәріне жариялағым келеді, менің жаңа командам – Қытайдың «Бейжің Энтерпрайзес» клубы. Енді бәрін де ұмытып, бар ынта-жігерімді жаңа командадағы болашағыма жұмылдыру керек, – деп жазған.