Вернуться к списку статей

Қазақ маманы Әміржан Мұқанов баптайтын Қырғызстан құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады

Футбол
1K
Қазақ маманы Әміржан Мұқанов баптайтын Қырғызстан құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Словения астанасы Люблянадағы «Еуро-додасымен» қосамжарлана бұл күндері Тайпейде де футзалдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл турнирде қазақстандық маман Әміржан Мұқанов жаттықтыратын Қырғызстан ұлттық құрамасы да бар.

Қырғызстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатының D тобында. Қарсыластары – Ливан, Иордания және Тайланд. Турнир регламенті бойынша ширек финалға әр топтан екі үздік командадан жолдама алады. Ал финал 11 ақпанға жоспарланған. 

Әміржан Мұқановтың командасы бірінші ойынын Ливан футзалшыларына қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең аяқтаса, екінші кездесуде 3:1 есебімен йорданиялықтардан басым болды. Дегенмен, қырғыздарды қиын ойын ертең күтіп тұр. 6 ақпанда Әміржан Мұқанов шәкірттері Тайланд құрамасымен кездеседі.

Жалпы, Қырғызстан құрамасы әлемдік рейтингте 43-орында келеді. Ал Әміржан Мұқанов ұлттық құраманың бас бапкері болып 2016 жылдың қазан айында тағайындалған.

Айта кетейік, Азия чемпионатына 16 құрама қатысуда. Олар төрт квартеттен төрт топқа бөлінген.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика