Вернуться к списку статей

«Уфа» екіге бөлініп ойнап, Еркебұлан тағы гол соқты

Футбол
1K
«Уфа» футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды
Кипрде екінші жаттығу жиынны өткізіп жатқан «Уфа» клубының сапында Еркебұлан Сейдахмет тағы да көзге түсті.

Бұл жолы «Қазақтың Мессиі» «Уфаның» екіге бөлініп ойнаған матчында гол соғып, өз әріптестеріне жеңіс сыйлады. Ресей клубының ресми сайты бұл голдың бейнежазбасын YouTube-арнасында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады.

Жалпы, «Уфа» футболшылары Кипрде төрт күн демалып, 30 қаңтардан бастап, екінші оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен. 10 ақпанға дейін созылатын жиын барысында төрт жолдастық кездесу өткізеді екен. Ендеше, Еркебұлан тағы да гол соғып, жанкүйерлерін қуантып, бапкерлерінің сенімін ақтайды деп сенеміз және тілектеспіз.


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика