Вернуться к списку статей

«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуды көздейді

Футбол
1K
Фото fckairat.com сайтынан
Алматының «Қайраты» 2018 жылғы мақсаттарын жариялады – Қазақстан чемпионы атану және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу.

Кеше «Қайрат» футбол клубының базасында басқосу өтіп, оған команда басшылары түгелдей қатысқан. Оған клубтың Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, Бас директоры Әлішер Әпсәлямов, бас бапкері Карлос Алос, жаттықтырушылары мен әкімшіліктік қызметкерлері, сонымен қатар құрметті ардагерлері Құралбек Ордабаев және Михаил Гурман қатысқан.

Жаттықтырушылар құрамына 2018 жылғы маусымда оларға қойылатын талап пен мақсат жария етілген. Атап айтқанда, алматылықтар биыл Қазақстан чемпионатында топ жарып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуды мақсат тұтып отырған көрінеді.

Бұдан кейін клубтың негізгі құрамын жаттықтыратын бапкерлер құрамына алынған жаңа мамандарды таныстыру рәсімі өткен. Бас бапкердің көмекшісі мен күш-қуат дайындығы жөніндегі жаттықтырушылары ауысыпты. Клубтың Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алға қойылған мақсаттарға өол жеткізу үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырықтай жұмылу керек екендігін баса айтқан.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика