Жиын барысында бапкерлер алқасы төрт спаррингтік кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдымен ақпанның 4-і күні «Ақтөбе» Тузланың «Слобода» клубымен кездеседі. Өз чемпионаттарында босниялықтар 12 команданың ішінде 10-шы сатыда келеді. Одан кейін 7 ақпанда Грузия чемпионы Кутаисидің «Торпедосына» қарсы алаңға шығады. Бұдан басқа екі жолдастық кездесуі 10 және 13 ақпанға жоспарланған. Бірақ, қарсыластары әзірге белгісіз.
Бұл жиынға бас бапкер Владимир Муханов 13 футболшыны шақырыпты. Сондай-ақ, Анталияда командаға сынақтан өтіп жатқан легионерлер мен қазақстандық футболшылар қосылады деп күтілуде.
Дегенмен, жақында Қазақстан футбол федерациясының Дауларды шешу палатасы «Ақтөбе» футбол клубына бұрынғы қарыздарына байланысты жаңа футболшылар тіркеуге тиым салған. Сондықтан, қарыздарын өтемей клуб команда сапына бірде-бір ойыншы қоса алмайды.
Түркияға аттанған «Ақтөбе» құрамы:
Қақпашылар: Игорь Трофимец, Мұхамбет Тамабай.
Қорғаушылар: Саят Жұмағали, Әділхан Таңжарықов, Рустам Уксумбаев, Слобадан Симович.
Жартылай қорғаушылар: Асланбек Кәкімов, Руслан Валиуллин, Ардақ Сәулет, Антон Шурыгин,
Шабуылшылар: Абай Айымбетов, Марко Обрадович.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбеге» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Ұлан Қонысбаев, Жамбыл Көкеев сынды Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншылары да қосылуы тиіс.