Вернуться к списку статей

«Ақтөбенің» жаңа ойыншылар тіркеуіне тыйым салынды

Футбол
1K
Фото: vk.com/ofc_aktobe
Бүгін Қазақстан футбол федерациясындағы Дауларды шешу палатасының басқосуы өтіп, онда «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншылар тіркеуіне тыйым салынды.

Қазақстан футбол федерациясы Дауларды шешу палатасының қабылдаған шешімдері бойынша «Ақтөбе» футбол клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге (трансферге) тыйым салынған.

Себеп, «Ақтөбе» футбол клубы ҚФФ Дауларды шешу палатасының шешімдерін орындамай, яғни В.Коробкин, В.Дмитриенко, Д.Мирошниченко, Ю.Логвиненко және С.Павлов сынды ойыншыларға берешегін төлемеген (қарыздарын жаппаған).

Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубының Еңбек келісімін бұзуына байланысты С.Хижниченко мен П.Шабалинге де берешектерін өтеуі керек болып, аталған ойыншылардың талаптары қанағаттандырылған.

Жалпы, бүгін жазаға іліккен тек «Ақтөбе» емес екен. «Атырау» футбол клубы В.Коробкинге емделгені үшін медициналық шығындарының орнын толтыратын болыпты. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика