Вернуться к списку статей

Қазақстан және Ресей чемпиондары – «Астана» «Спартакты» сан соқтырды

Футбол
1K
Фото spartak.com сайтынан
Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» Ресей чемпионымен жолдастық кездесу өткізіп, басым түсті.

Осыдан екі жыл бұрын «Астана» мен «Спартак» Біріккен Араб Әмірлігінде кездесіп, яғни жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесу өткізіп, Мәсекуліктер үстем түскен. Есеп – 0:5.

Бүгінде бес гол соғылды. Бірақ үшеуі – «Спартактың» қақпасына. Негізі, «Астананың» бұдан көп гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ жолдастық кездесу болғандықтан ба, Қазақстан чемпионының ойыншылары бірнеше ұрымтал сәтте асығыс шешім қабылдап, мүлт кетті...

«Спартак» ойыншыларының да мүмкіндіктері аз болған жоқ. Алайда «Астнаның» қорғаушылары мен бірінші таймдағы негізгі қақпашысы Ненад Эрич ресейліктердің бірнеше қауіпті шабуылдары мен соққыларын тойтарды. Өздері емін-еркін ойнап, биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын жоғары деңгейде өткізді.

Команда сапына жаңадан алынған ойыншылардың ішінде жанкештілігімен көзге түскен Бахтиёр Зайнутдиновті ерекше атап өткен жөн болар. Марко Станоевич те сенім үдесінен шыға білді. Тіпті гол да соқты. Ал Бауыржан Жолшиевті тіпті қосалқы құрам орындығынан көре алмадық...

«Астана» – «Спартак» (Мәскеу, Ресей) – 3:2 (2:0)

Голдар: Станоевич, 19 (1:0). Томасов, 33 (2:0). Деспотович, 74 (3:0). Промес, 79-пенальтиден (3:1). Роша, 89 (3:2).

«Астана»:

1-тайм: Эрич (к), Бейсебеков, Постников, Аничич, Зайнутдинов, Маевский, Станоевич, Мұжықов, Муртазаев, Твумаси (Томасов), Кабананга;

2-тайм: Павлов, Шомко, Малый, Логвиненко, Шитов, Томасов, Граховац, Кляйнхайслер, Перцух, Деспотович, Щеткин.

«Спартак»: Ребров (Максименко, 56), Ещенко (Рассказов, 64), Кутепов, Боккетти (Петкович, 46), Комбаров, Глушаков (к) (Педро Роша, 64), Фернандо (Пашалич, 46), Промес (З.Бакаев, 88), Попов (Зобнин, 46), Мельгарехо (Самедов, 46), Луис Адриано (Зе Луиш, 46).

Төреші: А.Яхья (Оман).

22 қаңтар. Дубай. Стадион «Джебель-Әли».

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика