Биыл премьер-лигада ойнайтын «Қызыл-Жар» Өзбекстаның өткен маусымдағы күміс жүлдегері «Насаф» (Карши) клубын тізе бүктірді. Ал бірінші лигадағы «Мақтаарал» былтыр Өзбекстан чемпионатында 7-8 орындарды бөліскен «Машъал» клубынан басым түсті.
«Тобыл» мен «Атырау» Албания клубтарымен тең түсті. Ал «Ақтөбе» осы елдің «Қайратты» Еуропа лигасынан тыс қалдырған командасынан алматылықтардың есесін қайтара алмай, ұтылып қалды.
«Ақжайық» Украина чемпионатында 7-орынды иеленіп тұрған «Мариуполь» командасына төтеп бере алмады. Ал «Ордабасы» Хорватия чемпионатында көш бастап тұрған Загребтің «Динамосынан» осырай ұтылды. Тіпті бір гол соға алмады...
«Ордабасы» – «Динамо» (Загреб, Хорватия) – 0:4
«Тобыл» – «Тирана» (Албания) – 1:1
Гол: Молдақараев.
«Атырау» – «Теута» (Албания) – 0:0
«Ақжайық» – «Мариуполь» (Украина) – 1:3
Гол: Эсеола.
«Ақтөбе» – «Скендербеу» (Албания) – 1:2
Гол: Кәкімов
«Қызыл-Жар» – «Насаф» (Өзбекстан) – 2:1
Голдар: Коронель, Гунченко.
«Мақтаарал» – «Машъал» (Өзбекстан) – 1:0
Гол: Абутов.