Игорь Свечников жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы 23-30 қаңтар аралығында Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізетін болыпты. Әрі осы жиын барысында екі жолдастық кездес өткізу жоспарланып отырған көрінеді (26 және 29 қаңтар күндері). Қарсыластары – әлі белгісіз.
Енді осы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған футболшылардың тізімімен таныс болыңыздар:
қақпашылар – Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де – «Қайрат»), Константин Пузанов («Минск», Беларусь);
қорғаушылар – Қайрат Жақыпбеков, Дамир Қасаболатов, Камал Лазгиев, Роман Балута (бәрі де – «Қайрат»), Әкежан Төлеген (Академия «Оңтүстік»), Теңізбай Әбдірахманов («Жетісу»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Юрий Аханов («Астана»);
жартылай қорғаушылар – Айбар Айдарбекұлы, Ернар Құсақов, Айдос Мұртаза, Омар-Василь Нұртай, Ален Айманов, Александр Бовкун (бәрі де – «Қайрат»), Әділхан Добай («Қасымпаша», Түркия), Байжан Мәделхан («Астана»), Денис Митрофанов (Академия «Алтай»), Юрий Рогальский («Ертіс»);
шабуылшылар – Арман Алтаев, Айбар Құсайын (екеуі де – «Қайрат»).
Резерв:
қақпашы – Бекнұр Төреханов (Академия «Оңтүстік»),
қорғаушы – Данила Белов («Қызыл-Жар СК»),
жартылай қорғаушылар – Алдияр Тастанов («Астана»), Еркінбек Азамат («Тараз»),
шабуылшы – Арсен Серікқалиев («Атырау»).
Жаттықтырушылар құрамы:
аға жаттықтырушы – Игорь Свечников,
аға жаттықтырушының көмекшісі – Иван Азовский,
қақпашылардың жаттықтырушысы – Николай Родионов.