Вернуться к списку статей

«Астана» биыл да жаңа маусым дайындығын Дубайда бастады

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
«Астана» футбол клубы кеше Біріккен Араб Әмірлігінде алғашқы оқу-жаттығу жинынын бастап кетті.

Еліміздің төрт дүркін чемпионы дәстүрге айналған жылдағы әдетінен таймай, биыл да жаңа маусым дайындығын Біріккен Араб Әмірлігінен бастады. «Астана» футбол клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына төмендегі төмендегі футболшылар аттанған:

қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин;

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Сергей Малый, Евгений Постников, Талғат Құсяпов;

жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Дидар Жалмұқан, Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Срджан Граховац, Марин Томасов, Бахтиер Зайнутдинов, Юрий Перцух, Марко Станоевич;

шабуылшылар – Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович, Роман Муртазаев, Владислав Прокопенко.

Бұған дейін жазғанымыздай, «Астана» Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына барысында үш жолдастық кездесу өткізіп, «Спартак» Мәскеу (22.01), «Краснодар» (26.01) және «Жилина» Словакия (29.01) сынды азулы командалармен кездеседі.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика