Вернуться к списку статей

Футбол жұлдыздары Ынтымақтастық матчында додаға түседі

Футбол
2K
Фото: voanews.com
21 сәуір күні Женевада өтетін Ынтымақтастық матчында Роналдиньо мен Фигу додаға түсетін екі команданың капитандары болады.

Женевада өтетін Ынтымақтастық матчына көптеген ардагер футболшылар қатысады. Бұл ойынды UEFA мен БҰҰ ұйымдастырып отыр. Түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалатын көрінеді. Атап айтқанда, UEFA-ның Балалар қорына аударылып, бүкіл әлемдегі мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында гуманитарлық жобаларға бөлінеді екен.

Негізінен аутистикалық спектр ауытқулары бар балаларға көмек көрсетілуі керек. Тіпті футбол жұлдыздары қатысатын Ынтымақтастық матчының қарсаңында балалар арасында да ойын өткізіледі екен. Әлемнің 11 елінен келген, бірін-бірі танымайтын 11 баламен Женева өңірінің жеткіншектер командасымен кездеседі.

Ал футбол жұлдыздары қатысатын Ынтымақтастық матчының билеттері 10-20 швейцар франкі аралығында (3390-8500 теңге). Сонымен қатар онлайн-аукцион арқылы әлем футболы жұлдыздарының артефактілері сатылады екен.

Енді екі команданың құрамына тоқталайық:

«Фигу және оның достары». Бас бапкері – Дидье Дешам

Луиш Фигу (капитан), Дида, Витор Байя, Мичел Сальгадо, Франк де Бур, Рио Фердинанд, Кристиан Киву, Деян Станкович, Роберт Пирес, Яри Литманен, Кристиан Карамбе, Андреа Пирло, Рауль Гонсалес, Робби Кин, Келли Смит и Нуну Гомеш.

«Роналдиньо және оның достары». Бас бапкері – Карло Анчелотти

Роналдиньо (капитан), Дэвид Джеймс, Антонис Никополидис, Жулиано Беллетти, Кафу, Эдмилсон, Кэйси Стоуни, Эрик Абидаль, Мишель Эссьен, Юрий Джоркаефф, Гаиска Мендьета, Рональд де Бур, Хенрик Ларссон, Александр Фрей, Патрик Клюйверт и Селия Шашич.

Бас төреші – Пьерлуиджи Коллина (Италия).


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика