Вернуться к списку статей

“Оқжетпес” пен “Ордабасы” оза шапты

Футбол
1K
«Окжетпес» – «Тобыл» – 1:0. Фото: okzhetpes.kz
Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасында үшінші турдың қалған төрт ойыны өтті. Әуел соның екеуіне тоқталып өтсек.

«Тобыл» бұрынғы бапкерінен ұтылды

Бұл ойын Астанада өтті. Былайша айтқанда, бейтарап алаң, «Тобыл» түзде ойнады деуге аузың бармайды. Тіпті Қостанай клубы сапында «Астананың» бір топ ойыншысы өнер көрсетіп жүргенін ескерсек, «Тобылдың» көсіле сілтейтіндей жөні бар еді. Бірақ...

Бірақ «Оқжетпес» тобықтан қақты. Бас бапкері бұрын «Тобылды» екі жыл жаттықтырған. «Мен үшін қостанайлықтармен өтетені әрбір ойын маңызды» дейді, өз кезегінде Владимир Муханов. Құрамындағы ойыншыларына қарасаңыз, «Тобылдан» қарымды болмаса керек еді. Алайда білікті бапкері ойыншыларын жігерлендіре алып жүр.

Ал «Тобыл» бірінші турды өте жоғары деңгейде өткізіп, ірі жеңіске қол жеткізді. Одан кейін өз алаңында екі ұпай жоғалтты. Ал бүгін мүлде ұтылып қалды. Кейін тартып бара жатқандай. Бүгінгі ойындағы жалқы гол соғылғанда, қорғаушылары да, шет елден қалап әкелген қақпашысы да жаза басқандай болды. Ал шабуылшылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жүр.

«Оқжетпес» қарғаныста да, шабуылда да өте мұқият ойнауға тырысады. Ойыншылары жанкештілік танытып, өз міндеттерін мінсіз атқарып жүр. Тізе қоса қимылдап, ұжымдық ойын үлгісін көрсете білді.    

«Окжетпес» – «Тобыл» – 1:0 (1:0)

Гол: Хорват, 37.

Ескертулер: Чертов 73 – Молдакараев 43

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Дайыров, Чертов, Еоне, Марочкин, Политыло (Куксин, 90+3), Волков, Федин (Юрин 80), Досмағамбетов, Хорват, Козлов (Генков, 64).
Қосалқы құрам: Голубничий, Сламбеков, Нұрғалиев, Кейлер, Шайыхов, Әбілғазы.

«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Малый, Мирошниченко, Жулпа, Тағыберген, Шимкович (к) (Жаңғылышбай, 89), Джалилов, Молдақараев (Щеткин, 54), Деспотович (Савич 67).br> Қосалқы құрам: Бусурманов, Шубаев, Эльмурзаев, Дмитренко, Жақыпов, Жарынбетов.

Төрешілер: Алешин, Журавлев (екеуі де – Павлодар), Жаспенов (Алматы)

18 наурыз. Астана. «Астана Арена» стадионы. 2 300 көрермен 


«Ордабасы» Ақтөбеден үш ұпай олжалады

«Ордабасы» былтыр Ақтөбеде екі рет тең түскен. Биыл жеңіп отыр. Ойын басталған бетте бір гол соғып алды да, жеңісті есепті уысынан шығарған жоқ. Алаң иелері таразы басын теңестірмек болып қанша тырысса да, Бекбаевтың қақпасына гол соға алмады.

«Ақтөбе» тағы да әлеуеті зор команда екенін көрсете білді. Бірақ биыл ғана команда сапына алынған легионерлері жарақаттанып қалып, қатарға әлі қосыла алмай жүр. Қандай жарақат екенін біз тұрмақ, бас бапкері Игорь Рахаев та түсінбейтіндей...    

«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 0:1 (0:1) 

Гол: Нөсербаев, 7.

Ескертулер: Диас Морейра, 10. Аслан, 17. Воловик, 90+3 – Қожабаев, 20. Нөсербаев, 53. Диакате, 80. Нұрғалиев, 81. Бөлешев, 90+2.

Алаңнан қуылды: Диас Морейра, 76 (екінші ескерту)

«Ақтөбе»: Отарбаев (к), Кәкімов, Гуйе, Айтбаев (Юри Альмейда, 59), Аслан, Воловик, Диас Морейра, Барбоса, Шестаков, Байтана (Ермаченко, 72), Зенькович.br> Қосалқы құрам: Тамабай, Сәулет, Әбдукәрімов, Дәуітов, Розыбакиев, Жұмағали, Скворцов.

«Ордабасы»: Бекбаев, Төлебек, Фонтанелло, Ковальчук, Қожабаев, Диакате, Бочаров, Ерланов, Нұрғалиев (к) (Бейсенов 81), Марцваладзе (Тунгышбаев 46), Нөсербаев (Бөлешев, 86).br> Қосалқы құрам: Бойченко, Адырбеков, Әшірбеков, Жұмаханов, Тұрсынбай, Йорданов.

Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Конивец (Қарағанды)

18 наурыз. Ақтөбе. ОБЖОРМ стадионы. 2 800 көрермен 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика