Вернуться к списку статей

Құрама жиналды – Талантты шабуылшымыз көрінбейді

Футбол
2K
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Қаңтар айында ғана Қазақстан U-19 құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ХХІХ "Гранаткин мемориалы" халықаралық турниріне қатысып, күміс жүлдеге ие болған болатын. Нева жағасында еліміздің абыройын асқақтатқан осы құрама қайтадан доп тебуге жиналыпты.

Бұл жиын 8 наурызға дейін созылады екен. Александр Кузнецов жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы биыл күзде басталатын 2018 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасына әлден дайындала бастады. Бұл жолы алғашқа електерден өтеді деп сенеміз.

Бірден айтайық, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында Ресейдің «Зенитінің» жастары сапына шақыртылып, Кипрде сынақтан өткен талантты шабуылшымыз Еркебұлан Сейідахмет көрінбейді...

Сонымен Қазақстан U-19 құрамасының жаттықтырушылар кеңесі бұл жиынға мына ойыншыларды шакырыпты:

қақпашылар – Адашбек Әбдіразақов («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Владислав Сазонов («Ертіс»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Талғат Күсәпов («Астана»), Санжар Әйтім («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Әділет Омарбек («Тараз»), Бағлан Төлепберген («Монтажник»), Данил Кузнецов («Ертіс»), Владимир Волкаганов («Атырау»), Владислав Шейрер («Тараз»);

жартылай қорғаушылар Айдос Орал («Шахтер»), Жанәлі Пайруз («Шахтер»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Дарын Сүйінов («Қайрат»), Сұлтан Астанов («Қайрат»), Әліби Тұзақбаев («Еңбек»), Максим Галкин («Шахтер»);

шабуылшылар – Батыр Құдайбердінов («Ертіс»), Лев Скворцов («Астана»), Виктор Грабко («Атырау»), Павел Баркунов («Ертіс»).

Жаттықтырушылар: 
Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы,
Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика