Аталған сайт ел кубогы додасының електік кезеңі қандай үлгіде өтетіндігін егжей-тегжей жазбаған. Тек електік додаға түсетін командалар арасындағы жеребе тартылатындығын жариялаған. Оған бірінші және екінші лигадағы командалар қатысады екен.
Ел кубогы додасының былтырғы регламенті бойынша, бірінші лигадағы командалар үш топқа бөлініп сынға түскен. Әр топта бірінші орын алған командалар мен екінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші жоғарысы ел кубогының 1/8 финалына шыққан.
Әрі қарай белгілі. Премьер-лигадағы 12 команда мен Бірінші лигадан сұрыпталып шыққан төрт клуб (барлығы – 16) арасында 1/8 финалының жеребесі тартылады. Алғашқы кезең (1/8 финалы) ойындары 19 сәуір күні өтуі керек.
Сонымен үш қоржындағы командалар:
1-қоржын: «Жетісу», «Алтай», «Қызыл-Жар СК»;
2-қоржын: «Мақтаарал», «Каспий», «Екібастұз»;
3-қоржын: «Қыран», «Рузаевка».
Шымкенттің СДЮШОР №7 командасы автоматты түрде «А» тобына түседі екен. Себебі 8 сәуір күні олар Екінші лиганың алғашқы турына қатысатын көрінеді. Бұл команда үшінші қоржында болуы керек сияқты.
Шымкенттің СДЮШОР №7 командасы автоматты түрде «А» тобына түседі екен. Себебі 8 сәуір күні олар Екінші лиганың алғашқы турына қатысатын көрінеді. Бұл команда үшінші қоржында болуы керек сияқты.
«Регламент талабына сай Қазақстан кубогының електік додасына “Қайрат А”, “Шахтер-Болат” және “Байқоңыр” командалары қатыса алмайды. Аталған командалар “Қайрат”, “Шахтер” және “Қайсар” клубтарының құрылымдарына кіреді», – депті Кәсіпқой футбол лигасының реми сайты.
Қызық, сонда қалай, бұл үш командаға Қазақстан чемпионатына қатысуға болады, ал ел кубогына жол жоқ! Жыл сайын ел кубогына қатысатын командалар саны арта түсе ме десек... Керісінше, қысқартылып жатыр. Бұл қалай?