Вернуться к списку статей

“Астана” Словения чемпионымен тең түсті

Футбол
1K
Жалғыз гол пенальтиден соғылды... Жаттығу кезінен көрініс: fca.kz
Бүгін "Астана" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Словения чемпионы «Олимпия» клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

«Олимпия» өткен маусымда Словения чемпионы болып, осы елдегі шежіресі мол, әйгілі «Марибор» клубын сан соқтырып кеткен болатын. Биыл да “иық тіресіп” келеді. Екеуі де 21 ойыннан 46 ұпайдан жинап, 1-2 орындарды бөлісіп тұр.

«Астана» мен «Олимпия» арасындағы жолдастық кездесу тең дәрежеде өтті. Бірінші таймда гол соғылған жоқ. Екінші таймның басында Словения клубының қорғаушылары Дидар Жалмұқанға қарсы ойын ережесін бұзды. Пенальтиден Джуниор Кабананга мүлт кеткен жоқ.

Алайда бұл есеп ұзақ тұрмады. «Олимпия» қарсы шабуыл ұйымдастырып, Натан Одува Мокинді қапы қалдырып кетті. Бұдан кейін де екі команданың гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ есеп өзгерген жоқ. Екі елдің чемпионы жолдастық кездесуде тең түсті.

«Астана» – «Олимпия» – 1:1

Голдар: Кабананга, 61-пенальтиден (1:0). Одува, 71 (1:1).

«Астана» бұл ойынды мына құрамда бастады: Эрич, Бейсебеков, Логвиненко, Аничич, Постников, Жүнісов, Маевский, Мұжықов, Мұртазаев, Жалмукан, Кабананга.

Екінші таймда алаңға шыққандар: Тағыберген, Жақыпбаев, Шомко, Твумаси, Лулаку, Наджарян.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика