Вернуться к списку статей

“Қайраттың” тасқамал қорғаушысы Украина клубында жүр

Футбол
1K
Бруно Соарес
Екі маусымды үзіп-жарып Алматының «Қайраты» сапында өткізген Бразилия қорғаушысы Бруно Соарес қазір «Заря» (Луганск) сапында сынақтан өтіп жүрген көрінеді.

Бруно Соарес «Қайратқа» 2015 жылы жазда келген. Маусым аяғына дейін Алматы клубының тасқамал қорғаушысына айнала білді. Бірақ былтыр жарақат алып қалып, өткен маусымның басым бөлігін емделумен өткізді. Биыл маусым аралығында командаға қайта қосылды.

Алайда қаңтар айының аяғында «Қайраттың» қазіргі бас бапкері Кахабер Цхададзенің оған сенім артайтындығы белгілі болды. Әлі спорттық бабына келе алмай жүр ме, жоқ әлде, өзара басқадай себебі бар ма, ол жағы белгісіз...

Содан Бруно Соарес Украинадағы «Заря» клубына барыпты. Осы елдегі xsport.ua басылымы таратқан ақпаратқа сенсек, Бразилия қорғаушысы Түркияда оқу-жатығу жиынын өткізіп жатқан Луганск командасы сапында сынақтан өтіп жүрген көрінеді.

Жалпы, «Заря» (Луганск) осал команда емес. Қазір Украина чемпионатында – үшінші орында. 18 ойыннан 34 ұпай еншілеп, «Шахтер» және «Динамо» (Киев) клубтарынан кейін тұр. Еурокубоктарға қатысатын мүмкіндігі мол.

Айтпақшы бұл клуб биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынаған. «Манчестер Юнайтед», «Фенербахче», «Фейеноорд» сынды азулы командалармен бір топта ойнап, төртінші орынға табан тіреді.

Украина басылымы Бразилия қорғаушысының «Заря» клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін екендігін теріске шығармайды. Біздің «Ертіс», «Ордабасы», «Тобыл», «Қайсар», «Оқжетпес» сынды клубтарымыз неге бұл қорғаушыны өздеріне шақырмаған? Әлде жалақысын қалталары көтермей ме?

Естеріңізге сала кетейік, Бруно Соарес «Қайратқа» дейін немістің «Дуйсбург», «Фортуна» сынды клубтарының намысын қорғап, бундеслигада 111 ойын өткізіп, бес гол соққан. Ал алматылықтар сапында 27 матч өткізді.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика