Көкше клубы жаңа маусым дайындығын 3 қаңтар күні бастап, Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Әзірше жаттықтырушылары құрамын жартылай бекітіпті. Қалған баперлері мен команданың негізін қалайтын футболшылары сәл кейінірек белгілі болады екен.
Сонымен «Оқжетпес» клубының 2018 жылғы жаттықтырушылары және спорттық директоры:
Сергей Николаевич Попков – бас бапкер (өткен маусымның соңында Көкше клубының тізгінін уақытша қолына алған болатын),
Марат Жолдасұлы Есләмов – бас бапкердің көмекшісі (Көкөшетау жанкүйерлеріне таныс маман, «Ақжайық» ФК-нан келген),
Евгений Николаевич Валентюкевич – күш-қуат дайындығына жауапты жаттықтырушы (Көкшетау футболының түлегі, жергілікті жастар командасының және балалар мен жасөспірімдер футбол орталығының жаттықтырушысы),
Игорь Иннокентьевич Ваулин – спорттық директор («Намыс» /Астана/, «Ертіс» /Павлодар/, «Бәйтерек» /Астана/ командаларында жұмыс жасаған).
Асқар Әшімұлы Есекеев – дәл қазір клуб директоры міндетін атқарып жүрген маман.