Вернуться к списку статей

Кеуіп кететін көбікті шығарған адам FIFA-дан 84 миллион еуро талап етіп отыр

Футбол
1K
Фото zerozero.pt сайтынан
Жасыл алаңға сепкенде кеуіп кететін көбікті (спрейді) ойлап тапқан Бразилия бизнесмені FIFA-дан 84 миллион еуро талап етіп отырған көрінеді.

Шет елдік басылымдардың, атап айтқанда, L`Equipe және championat.com мәліметтеріне сенсек, кеуіп кететін көбікті ойлап Бразилия бизнесмені Гейне Аллеманье FIFA-дан өзінің патентелген өнертабысын қолданғандары үшін 84 миллион еуро талап етіп отырған көрінеді.

FIFA төрешілерінің бұл көбікті қолданып жүргендеріне төрт жылдай уақыт болыпты. Аллеманье енді өтемақысын өндіріп алғысы келеді екен. Әрі оның әділеттік іздеп, өтемақы талап етіп отырғаны бірінші рет емес. Биыл жазда да Бразилия бизнесмені FIFA-дан 30 миллион еуро сұрап, өзі ойлап тапқан көбікті қодануларын тоқтатуды өтінген...   

Жалпы, Гейне Аллеманье «Spuny» деп аталатын, кеуіп кететін көбікті 2000 жылы ойлап шығарыпты. Бірінші рет бұл көбік 2001 жылы Бразилия чемпионаты мен Жоао Авеланж кубогында қолданылған.

2002 жылы 29 қазанда «Spuny» оны ойлап тапқан өнертапқышпен патенттелген. Ұлттық құрамалар арасындағы додада алғаш рет 2011 жылы Америка кубогында қолданылған. 2013 жылы Мароккодағы клубтық әлем чемпионатында да төрешілер осы көбіктің көмегіне жүгінген.

2014 жылы кеуіп кететін көбіктің сол кездегі ең озық коммерциялық үлгісі, яғни «9-15» нұсқасы Бразилияда өткен әлем чемпионатында қолданылған. Гейне Аллеманьенің бұл талабы мен өтінімі жүзеге аса ма, ол беделді халықаралық федерациядан өтемақы өтемақы өндіріп ала ма? Белгісіз...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика