Вернуться к списку статей

Парсы елінің футзалшыларын Қазақстан әлі жеңе алмай жүр

Футбол
1K
Қазақстан – Иран – 1:2. Фото: afrk.kz
Иранның Исфахан қаласында өтіп жатқан «Төрт ұлт турнирі» халықаралық додасында Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізіп, жеңілістің кермек дәмін татты.

Бірнеше жыл болды, Иран құрамасына біздің футзалшыларымыздың азулары батпай-ақ қойды. Мұны Қазақстан футзал қауымдастығының ресми сайты да тізіп шығыпты: 1996 жыл – 2:14 (Тегеран); 1998 жыл – 4:7; 2000 жыл – 1:4 және 2016 жыл – 3:3.

Азияның 11 дүркін чемпионы бұл жолы да айласын асырып кетті. Шектен тыс тартысты өткен матчта Иран құрамасы жанкештілік танытып, жеңіске жетті. Әрі бір голды «Қайраттың» құрамында ойнайтын Тайеби соқты. Игитаның осал тұсын білетін болғаны-ау...

Тайебидің қақпа тоғыздығына салған голына Дуглас пәрменді соққысымен жауап берген. Алайда, өте тартысты өткен кездесудің аяқталуына небәрі алты секунд қалғанда, Парсы футзалшылары гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Қазақстан жігіттері Ресей құрамасымен өткен матчта титықтап қалған секілді.

Қазақстан – Ресей – 3:3
Иран – Әзірбайжан – 3:3

*  *  *

Ресей – Әзірбайжан – 4:3
Қазақстан – Иран – 1:2

Голдар: Тайеби, 4 (0:1). Дуглас, 14 (1:1). Исмаилипур, 40 (1:2)

Ескертулер: Дуглас, 11 – Ахмади, 21. 

Қазақстан: Игита, Шамро – Сүлейменов (к), Жаманқұлов, Есенаманов, Дуглас, Лео, Оразов, Тұрсағұлов, Төреғазин, Ақбалықов, Першин, Таку, Кнауб.

Иран: М.Мохаммади, С.Мохаммади – Хасанзаде (к), Тайеби, Исмаилипур, Ахмади, Рафие, Шаджири, Алиджадр, Джавид, Оладжоба, Оруджи, Сангсефиди, Аббаси.

Екі турдан кейінгі жағдай: 
Иран және Ресей – 4 ұпай, Қазақстан және Әзірбайжан – 1 ұпай.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика