Вернуться к списку статей

«Астана» ФК – Олимпиада комитеті тұжырымы бойынша еліміздің ең үздік командасы

Футбол
1K
ҰОК марапаттау рәсімінен. Фото: pflk.kz
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті 2017 жылдың қорытындысын жариялап, үздіктерге ұлттық спорттық сыйлықтар табыстады.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) ұйымдастырған жыл қорытындысы кешінде 2017 жылы ерен жетістікке қол жеткізген ең үздік спортшыларды марапатталды. Соның ішінде «Жылдың үздік командасы» номинациясында «Астана» футбол клубы теңдессіз танылды. 

Номинацияның жеңімпазы ҰОК-нің сайтында қараша айының басынан аяғына дейін жүргізілген ашық сауалнама қорытындысы бойынша анықталған. Еліміздің төрт дүркін чемпионы атынан бұл сыйлықты марапаттау рәсімінде клубтың Атқарушы директоры Қайсар Бекенов алды.

«Астана» футбол клубы басшысын «Халык Каhарманы» атағының иегері, азаматтық әуе жолдарының ұшқышы Дмитрий Родин мен көпшілікке кеңінен танымал көркемгимнасшы, Азия ойындарының және чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Алия Юсупова марапаттаған.

«Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті ұйымдастырған, 2017 жылдың үздіктерін марапттау кеші бүгін (2 желтоқсанда) сағат 22:00-де «Хабар» телеранасынан көрсетіледі», – деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

Біз де еліміздің футбол сүйер қауымы атынан «Астана» клубын «2017 жылғы еліміздің ең үздік» клубы болып танылуымен, аса жоғары жетістіктерінің арқасында халықтың лайықты бағасына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

ҚР Кәсіпқой футбол лигасы

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика