Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамасының Парсы еліндегі турнирге қатысатын құрамы

Футбол
1K
Қазақстан құрамасы «Төрт ұлт турниріне» қатысады. Фото: afrk.kz
3-6 желтоқсан күні Иранның Исфахан қаласында «Төрт ұлт турнирі» халықаралық додасы өтеді.

Иран Ислам Республткасы ұйымдастыратын «Төрт ұлт турнирі» додасына атауы айтып тұрғандай төрт елдің ұлттық құрамасы қатысады. «Қайрат» шағын футбол клубы ресми сайтының мәлімдеуінше, олар:

Иран – 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері; 2016 жылғы Азия чемпионы;

Қазақстан – 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері; УЕФА рейтингісінде 7-орында тұрған құрама;

Әзірбайжан – УЕФА рейтингісінде 6-орында тұрған құрама;;

Ресей – 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері; УЕФА рейтингісінде 1-орында тұрған құрама.

Ойындар күнтізбесі:

3 желтоқсан (Астана уақытымен)

18:30 – Ресей – Қазақстан
20:30 – Иран – Әзірбайжан

4 желтоқсан

18:30 – Әзірбайжан – Ресей
20:30 – Иран – Қазақстан

6 желтоқсан

11:30 – Әзірбайжан – Қазақстан
13:30 – Иран – Ресей

«Төрт ұлт турниріне» қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының сапы:  

қақпашылар – Игита ("Қайрат"), Григорий Шамро ("Ақтөбе");

ойыншылар – Серік Жаманқұлов, Дінмұхамбет Сүлейменов, Шыңғыс Есенаманов, Лео, Дуглас, Михаил Першин (бәрі де – "Қайрат"), Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Арнольд Кнауб (бәрі де – "Жетісу"), Ринат Төреғазин, Альберт Ақбалықов, Павел Таку (бәрі де – "Ақтөбе").

Бас бапкер – Рикардо Камара Собрал (Какау).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика