Вернуться к списку статей

Тарап жатыр «Тараздың» таланттары...

Футбол
1K
Кетіп жатары,
«Тараз» футбол клубының таланттарына көз салып отырған клубтар көп. Олардың көбісі команда сапында қалмайтын сияқты...

Биылғы маусым аяқталысымен, «Тараз» футбол клубынан ресми түрде кеткен алғашқы жас талант Бахтиёр Зайнутдинов болды. Бұған дейін жазғанымыздай, ол ел чемпионы «Астана» клубымен үш жылдық еңбек келісіміне қол қойды.

Еркебұлан Сейідахметке қызығып жүрген клубтар әуелден көп. Бұл шабуылшыға деген қызығушылық биыл жыл басында, қақаған қыста басталған. Бәрінен бұрын қимылдаған Ресейдің «Зениті» болды. Олар қазақтың жас талантын өздерінің жас жеткіншектері құрамына шақырып, Кипрдегі оқу-жаттығу жиынында сынақтан өткізіп көрді,

Онымен қоймай, наурыздың ортасында Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы «Viareggio Cup» турниріне алып барды. Еркебұлан олардың сенімдерін ақтағанымен, «Зенит» қазақтың жас талантымен келісімшартқа отыра алмады. Себеп, ФИФА ережесі бойынша 18 жасқа дейінгі жас футболшылармен халықаралық трансферге тыйым салынған.

Еркебұлан Сейідахмет 2018 жылғы 4 ақпан күні 18-ге толады. «Зенит» оның алдағы туған күнін қалам мен қағаз алып, тосып жүрген сияқты. Негізі, өз елімізде де осы жас шабуылшыға қызығып отырғандар көп. Бірақ агенттері шетелдік клубтарды таңдайтын сықылды...

Есесіне, Қазақстан прмеьер-лигасындағы клубтар «Тараздың» 20 жастағы орталық қорғаушысы Бекзат Шадмановқа қызығып та, “таласып” та жатқандай. Команда капитаны, 25 жастағы Мақсат Әмірханов та «Тараздан» басқа командаға ауысып жатса, таң қалмаймыз.

Әрі биылғы маусым аралығында «Тараздан» кететін, бірінші лигада доп теппейтін жергілікті таланттар тізімі мұнымен шектелмейтін де шығар. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан премьер-лигасының 2017 жылғы додасының қорытындысы бойынша, қазақ футболына талай талантты үкілеп қосқан өңірдің командасы Бірінші лигаға түсіп қалған.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика