Вернуться к списку статей

Дмитрий Огай Бірінші лиганың үздік бапкері атанды

Футбол
1K
Дмитрий Огай Бірінші лиганың үздік бапкері атанды
Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының үздік жаттықтырушысы анықталды. Клуб басшылары мен бас бапкерлері және команда капитандары «Жетісуды» Премьер-лигаға шығарған маман Дмитрий Огайды үздік деп таныпты.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнамаға Бірінші лига клубтарының басшылары, бас бапкерлері мен команда капитандары қатысты. Үздік жаттықтырушыны анықтауда респонденттер үш маманнан атау керек болған. Бірінші орынға 3 ұпай, екіншіге 2 ұпай және үшінші орынға 1 ұпайдан беріліп отырды. Ал «Маусым ашылуы» номинациясын анықтауда респонденттер бір ойыншының есімін ғана атауы қажет болды.

Осылайша, Бірінші лигадағы 2017 жылдың ең үздік жаттықтырушысы болып «Жетісу» футбол клубының бас бапкері, талдықорғандықтарды Премьер-лигаға шығарған Дмитрий Огай танылды. Ол респонденттердің 53 баллын жинаған. Екінші орынды 34 ұпаймен «Қызыл-жардың» бас бапкері Владимир Фомичев  жеңіп алса, үздік үштікке «Мақтааралмен» Премьер-лиганың өтпелі матчына дейін жеткен Қуаныш Қарақұлов енді. Оның еншісінде 26 балл.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, бұған дейін Премьер-лиганың үздік ойыншысы номинациясы «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоуға бұйырып, «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов өткен маусымның ең үздік жаттықтырушысы атанған. Ең үздік жас ойыншы мен «маусым ашылуы» номинациялары «тараздық» Бақтияр Зайнутдиновке бұйырды. Ал Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып «Жетісудың» украиналық жартылай қорғаушысы Артем Касьянов танылған.

БІРІНШІ ЛИГАНЫҢ ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ

1. Дмитрий Огай (Жетісу) – 53 балл,

2. Владимир Фомичев (Қызыл-Жар) – 34 балл,

3. қуаныш Қарақұлов (Мақтаарал) – 26 балл,

4. Рафаэль Хамидулов (Шахтер-Болат) – 17 балл,

5. Ерлан Шойтымов (Байқоңыр) – 15 балл.




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика