Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында 10 ойын өткізіп, үш рет тең түсті. Қалған жеті ойында жеңілістің кермек дәмін татты. Енді УЕФА-ның статистикалық деректеріне сүйене отырып, салыстырып көрейік. Бүгін «гол», «доп айырмасы» және «соққы» көрсеткіштеріне тоқталамыз.
Гол:
- Қазақстан құрамасы 10 ойында алты гол соғып (орта есеппен, әр ойында – 0,6 гол), өз қақпасына 26 доп жіберіп алды (орта есеппен, әр ойында – 2,6 гол);
- Ең көп гол соққандар – Германия мен Бельгия (43 доптан);
- Ең аз гол соққан құрама – Лихтенштейн (1 доп);
- Ең аз гол жібергендер – Англия және Испания (3 доптан);
- Ең көп гол жіберген құрама – Сан-Марино (51 доп)
- Гол соғу жағынан, Қазақстан құрамасы – 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан Еуропаның 54 құрамасы ішінде 46-орында;
- Өз қақпасына гол жіберу жағынан 51-орында («–20» көрсеткішіне қарай). Қазақстан құрамасынан көп гол жібергендер – Сан-Марино (51), Гибралтар (47) және Лихтенштейн (39);
Доп айырмасы:
- Қазақстан құрамасының доп айырмасы: «– 20» немесе 6-26.
- Доп айырмасы жағынан ең үздік көрсеткіш – Германия («+ 39» немесе 43-4)
- Доп айырмасы жағынан ең төмен көрсеткіш – Сан-Марино («– 49» немесе 2-51).
- Доп айырмасы жағынан, Қазақстан құрамасы – 48-орында.
Соққы:
- Қазақстан құрамасы 10 ойында қарсыластарының қақпасына 100 соққы бағыттады (орта есеппен, әр ойында – 10 соққы);
- Ең көп соққы бағытаған – Португалия (230 соққы);
- Ең аз соққы бағыттаған – Сан-Марино (19 соққы);
- Қазақстан құрамасы соққы бағыттау жағынан – 36-орында;
- 10 ойында қақпаға 23 тура соққы бағыттаған. 52 рет қиыс тепкен, 25 соққыны қарсыластарының қорғаушылары тойтарған. Екі рет теңбіл доп қақпа бағанасынан кері қайтқан;
- Қақпаға тура соққы бағыттау жағынан – 48-орында. Қазақстан құрамасынан төмен орналасқандар – Молдова (20), Андорра (18), Гибралтар (15), Мальта (10), Сан-Марино мен Лихтенштейн (5 соққыдан).
- Тура соққы бағыттаудан алда – Бельгия (95 соққы).
Жалғасы бар...