Вернуться к списку статей

«Ақтөбе» легионерлерінің көбісімен еңбек келісімін ұзартпайды

Футбол
1K
«Ақтөбе» футбол клубының Бас директоры – Мақсат Түмәлиев. Фото: fc-aktobe.kz
«Ақтөбе» футбол клубы легионерлерінің көбісімен өзара еңбек келісімін ұзартпайтын болыпты.

«Ақтөбе» футбол клубының Бас директоры Мақсат Тұмалиев аталған клубтың ресми сайтына берген сұхбатында алдағы маусымды талқылап, жоспар құрғандарын тілге тиек еткен. Биылғы маусым соңындағы «Қайратпен» өткен ойыннан соң жалпы жиналыс өткізіп, әрбір ойыншымен жеке сөйлескенін де мәлімдеген.

Қазір ойыншыларының көбісі демалысқа кеткен. Бас директор мен бас бапкер келісе отырып, бес легионерімен өзара келісімшартты ұзартпайтын болып, ортақ шешімге келіпті. Атап айтқанда, Кристиан Колчак, Жереми Фог-Поррье, Душан Савич, Муарем Муарем, Марко Обрадович сынды шетелдік ойыншылары енді «Ақтөбе» сапында ойнамайды екен.

Ал Томаш Шимкович пен Джозеф Нейнге биылғы еңбек келісімдеріндегі жалақыларынан төмен келісім шарт ұсынылған. Бұл тұрғыда келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Бас директордың айтуынша, футболшылар бұған түсіністікпен қараған.

Сондай-ақ еңбек келісімдерінің мерзімі түгесілген Бауыржан Байтана, Берік Айтбаев, Абылайхан Тотай, Рафкат Аслан, Кирилл Шестаков және Андрей Сидельников сынды ойыншыларына да жаңа келісім шарттар ұсынылған. Аталған футболшылар онымен танысып, ойлануға уақыт алған сияқты.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика