Вернуться к списку статей

“Астана” Азияның чемпионын ойсырата жеңді

Футбол
2K
"Астана" футбол клубы Азия чемпиондары лигасының жеңімпазы «Чонбук Хендай» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан «Астана» клубы екінші жолдастық кездесуін өткізіп, Азия чемпиондары лигасының жеңімпазын, яғни Оңтүстік Кореяның «Чонбук Хендай» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ойынның басында есепті Азат Нұрғалиев ашып (пенальтиден), одан кейін Серікжан Мұжықов еселей түсті. Үшінші голды Дидар Жалмұқан соқты. «Астана» бұл ойынды мына құрамда бастады: 

Эрич, Шитов, Аничич, Постников, Шомко, Маевский, Мұжықов, Лулаку, Твумаси, Нұрғалиев, Мұртазаев.

Ауысып ойнағандар: Мокин, Дүйсен, Шайыхов, Қашкен, Логвиненко, Бейсебеков, Тағыберген, Наджарян, Жүнісов, Жақыпбаев, Сағынаев, Прокопенко, Жалмұқан, Деспотович.

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов шәкірттеріне риза екендігін білдіріпті. Әрі оқу-жаттығу жиынының ойдағыдай өткендігін, футболшыларының бәрі аянбай тер төккендігін, сондай-ақ маусым дайындығы жүйелі түрде өтіп жатқандығын айрықша атап өткен.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика