Вернуться к списку статей

Футболшы қыздарымыз Испания футзалшыларынан оңбай ұтылды

Футбол
1K
2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі. Қазақстан қыздары. Фото: kff.kz
Испанияда УЕФА туы астында футзалдан 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салына бастады.

Еуропадағы «В» іріктеу тобына түскен Қазақстан-U17 құрамасының қыздары алғашқы ойынын өткізіп, Испанияның футзалшы аруларынан күйрей ұтылды. Есеп – 1:16. Жалғыз голды 29-минутта Гүлмира Тәшмет соғыпты. Еділхан Рабаев жаттықтыратын қыздарымыз бүгін Ресей футзалшыларымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирінде біздің елдің намысын футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының қыздары қорғап жатыр...

Испания-U17 – Қазақстан-U17 – 16:1 (11:0)

Испания-U17:  Сильвия Гарсия-Милла, Анна Мунниса; Каролина Агулла, Марта Лопес-Пардо, Альба Фернандес, Ярима Миранда, Тереза ​​Монтесинос, Элия Гулли, Патрисия Бласкес, Анти Перес.

Бапкері: Клаудиа Понс.

Қазақстан-U17: Ангелина Портнова, Назым Исмаилова; Арайлым Орынбасарова, Анастасия Низамутдинова, Әсемгүл Аруова, Александра Бурова, Гүлмира Тәшмет, Айдана Серікбай, Гүлім Қайырнас, Алина Шалмұханбетова.

Бапкері: Еділхан Рабаев;

Төрешілер: Ян Клинер (Чехия) Чиара Перона (Италия) Адриан Чопп (Швейцария) Анхель Лопес (Испания);

1 қараша 2017 жыл. Лас-Росас, Испания.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика