Вернуться к списку статей

«Қызыл-Жар» Бірінші лига додасының күміс жүлдесімен марапатталды

Футбол
1K
Биыл Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында екінші орын алған «Қызыл-Жар» клубының футболшыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Петропавл қаласында 2017 жылғы Бірінші лигадағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің күміс жүлдегері атанған "Қызыл-Жар СК" футбол клубы тиісті жүлделерімен марапатталды», – деп хабарлайды еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ҚР Кәсіпқой футбол лигасының басшысы Азамат Айтқожин қатысыпты.

Облыс басшысы футболшылары мен бапкерлері құрамын премьер-лигада өнер көрсету құқығын жеңіп алған жетістіктерімен құттықтап, алғыс білдірген. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов стадионда жиналған қауымға Солтүстік Қазақстан облысы клубының келесі маусымда премьер-лига додасында бақ сынауға дайын екенін айтып өткен.

Естеріңізге сала кетейік, елімізге танымал, білікті маман Владимир Фомичев жаттықтыратын «Қызыл-Жар» футбол клубы биыл бірінші лигада екінші орынға ие болды. Солтүстікқазақстандықтар 24 ойыннан 44 ұпай еншілеп, тек «Жетісу» (Талдықорған) клубынан төмен орналасты. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика