Вернуться к списку статей

«Шахтер» мен «Тобыл» арасындағы екі ұшты тең ойын

Футбол
1K
«Шахтер» – «Тобыл» – 1:1. Фото: fctobol.kz
Қарағандыда «Шахтер» мен «Тобыл» тең түсіп, Қостанай клубы төртінші орыннан айырылып қалып, бір саты төмен сырғыды.

Негізі, екі команданың да 4-орынға ие болу мүмкіндігі бар болатын. Рас, «Шахтердің» үміті көмескілеу еді. Әйтсе де, кеншілер клубы биылғы маусымда өз алаңында өткен соңғы матчта тайталасып бақты. Өз жанкүйерлері алданда жеңіліп қалып, жанашырларын жасытқысы келмегендей.

Бірақ «Шахтер» өрнекті ойын үлгісін көрсете алмады. Кейде қақпашысы құтқарып қалып, көбінесе «Тобылдың» ойыншылары жаза басып, өз қақпасына бір-ақ гол жіберді. Ал матч соңында пенальтидің көмегімен таразы басын теңестірді. Жеңіске пара-пар тең ойын!

Ал «Тобылдың» гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Көп шабуылдады. Бірақ соның біреуінде ғана бақтары жанды. Ал матч соңында айып алаңы сызығы үстінде ойын ережесін бұзып, қонақтардың есепті теңестірулеріне мүмкіндік беріп алды. Жеңіліске пара-пар тең ойын!

Сөйтіп, «Шахтер» мен «Тобыл» тең түсіп, «Ертіс» “жеңіске жетті”. Бұлай дейтін себебіміз, Павлодар клубы түзде «Оқжетпесі» ұтты, ал басты бәсекелестер өзара тең түсті. Осылай керекуліктері төртінші орынға көтерілді. Ел чемпионы сияқты бұл орынның да тағдыры соңғы турда шешіледі.

«Шахтер» – «Тобыл» – 1:1

Голдар: Молдақараев, 10 (0:1). Стоянович, 83-пенальтиден (1:1).

Ескертулер: Жалмұқан, 41. Жулпа, 68. Пикалкин, 70. Хлебоун, 72. Тәттібаев, 84. Габышев, 90+4.

Алаңнан қуылды: Хлебоун, 86 (екінші ескерту)

«Шахтёр»: Шацкий, Габышев, Хлебоун, Тарасов (к), Пикалкин, Валента, Мангуткин (Өміртаев, 68), Зошак, Станоевич (Тәттібаев, 46), Стоянович, Хижниченко (Шахметов, 87).

Қосалқы құрам: Багинский, Путинцев, Әлімбаев, Наджарян, Ермеков, Скорых.

«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Шиков, Мирошниченко, Жулпа, Квеквескири, Вух (Жарынбетов, 67), Жалмұқан, Молдақараев, Щеткин (к).

Қосалқы құрам: Бұсырманов, Ллуллаку, Бекич, Гурман, Джалилов, Жақыпов, Жұмасқалиев, Левин.

Төрешілер: Гаузер (Петропавл), Тихонюк (Ақтөбе), Васютин (Алматы).

28 қазан, 2017. Қарағанды, «Шахтер». 1500 көрермен.


* Ескерту – «Атыраудан» 3 (үш), ал «Тараздан» 6 (алты) ұпай шегерілген

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика