«Оқжетпес» жеті күннің ішінде үш ойын өткізіп, үшеуінде де ұтылып қалды. Қарсыластарының үшеуі де бірінші және төртінші орындарға таласқан азулы командалар болатын («Астана», «Тобыл» және «Ертіс»). Көш соңындағы Көкше клубының бұл үшеіне де шамасы жетпеді. Енді, келесі жылы бірінші лигада доп тебетін болады...
«Ертіс» болса, төртінші орын үшін барын салып, жанталасып жүр. Егер биыл «Астана» чемпион болса, онда Қазақстан чемпионатында 4-орынға ие болған команда келесі жылы Еуропа лигасында өнер көрсететін болады. Еурокубокта ойнау үшін Павлодар клубына енді сүрінуге болмайды.
«Ертіс» ойын басталған бетте алға шығып, өздеріне сенімді екендерін байқатты. Тіпті 5-минутта есеп ашып, алға шықты. Көп ұзамай, тағы бір гол соғып, есепті еселей түсті. Алайда алаң иелері бір гол соғып, қонақтарын сабаларына түсіргендей болды. Бірақ бұдан кейін гол соғылған жоқ. Негізі, екі команданың да мүмкіндіктері болған.
Екінші таймда да есеп өзгермеді. «Ертіс» үшінші голын соға алмай, алаң иелері таразы басын теңестіруге тырысып, доп додасы көрігі матч аяқталғанша толастаған жоқ. Қонақтар жеңісті уысынан шағармай, төртінші орынға көтерілді.
«Оқжетпес» – «Ертіс» – 1:2
Голдар: Родриго, 5 (0:1). Стаменкович, 12 (0:2). Досмағамбетов, 27 (1:2).
Ескерту: Юрин, 67.
«Оқжетпес»: Голубничий, Досмағамбетов, Абдулин, Гошкодеря, Адырбеков, Хорват, Волков (Недашковский, 46), Федин (Куксин, 46), Юрин, Козлов (Гогуа, 69), Бөлешев (к).
Қосалқы құрам: Әбжанов, Матвеев, Дайыров, Цой, Кейлер, Шафф.
«Ертіс»: Калмыков, Есімов, Дәуітов, Кислицын (к), Стаменкович, Дарабаев (Калинин, 74), Огиря, Родриго, Фонсека (Маслач, 90+1), Бугаев (Шабалин, 81), Фофана.
Қосалқы құрам: Цирин, Қапанов, Живкович, Түлиев.
Төрешілер: Чеховский, Құсайынов (екеуі де – Астана), Жақсылық.
28 қазан, 2017. Көкшетау, «Оқжетпес». 2000 көрермен.