Вернуться к списку статей

Қазақстан бозбалалары Франция және Словения таланттарынан ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 құрамасы. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасында екі рет ұтылды.

Жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы 8 қазанда басталған. 52 мемлекеттің жас таланттары 13 топқа бөлініп, алғашқы електік кезеңде бақ сынап жатыр. Келесі кезеңге 30 құрама шығады. Әр топтан екі құрамадан және үшінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғары төртеуі «Еуро-2018» додасын одан әрі жалғастырады.

Қазақстан-U17 құрамасы 6-топта түскен болатын. Бұл топтың ойындары 19 қазаннан бері Беларусь елінде өтіп жатыр. Біздің елдің бозбалалры әуелі Францияның жас таланттарымен кездесіп, 0:5 есебімен оңбай ұтылды. Ал кеше түнде Словения жеткіншектетіне 0:1 есебімен есе жіберіп алды.

Бір қызығы, Франция-U17 құрамасы бес голды да бірінші таймда, 4-30 минуттар аралығында соқты. Ал екінші таймның ортасына таман бір ойыншысы алаңнан қуылып, кем құрамда қалды. Алайда 22 минут артық құрамда ойнаған Қазақстан бозбалалары тым болмаса, бір гол соға алмады.

Словения жеткіншектерімен өткен матчта да жалқы гол бірінші таймда соғылды. Бұл ойында Игорь Свечниковтің шәкірттері ойын ережесін бұзып, ескерту алумен көзге түсті. Бес ойыншымызға сары қағаз көрсетілді. Әрі бір ойыншымыз екі матчта да ескерту алды.

Енді Қазақстан-U17 құрамасы 25 қазан күні Беларусь бозбалаларымен кездеседі. Алаң иелері де екі рет ұтылған. Бірақ олар Франциядан 1:3 есебімен, ал Словениядан 0:1 есебімен ұтылды. Яғни доп айырмасы – біздің жасөспірімдерімізбен салыстырғанда, екі есе кем.

2018 жылғы Еуропа чемпионаты, алғашқы електік кезең, 6-топ:

Қазақстан-U17 – Франция-U17 – 0:5
Словения-U17 – Беларусь-U17 – 1:0

*  *  *

Қазақстан-U17 – Словения-U17 – 0:1
Франция-U17 – Беларусь-U17 – 3:1

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика