Вернуться к списку статей

Айтпай Жамантаев – Қазақстан құрамасына жақсы шабуылшыны легионерлер арасынан іздеу керек

Футбол
1K
Айтпай Жамантаев – Қазақстан құрамасына жақсы шабуылшыны легионерлер арасынан іздеу керек
Ертең Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында өз алаңында Босния және Герцеговина қыздарын қабылдайды. Бірінші ойында Уэльстен ұтылып қалғанбыз. Ертең қалай болар екен? Матч алдында құрамамыздың бас бапкері Айтбай Жамантаев журналистерге сұхбат беріп, қазіргі таңдағы қыздар футболындағы проблемаларын айтып берді.

– Соңғы екі ойынын қарап шықтық. Меніңше, Босния қыздары Уэльстен де жақсы ойнайтын сияқты. Қорғаныста сауатты, шабуылда алғыр. Бойлары екі метрге жуық екі шабуылшысы бар екен. Екі ойында төрт гол соғыпты. Оның екеуі баспен. Дегенмен, бұл команданы ұтуымыз керек. Шегінерге жер жоқ. Бұларды ұтпасақ, басқа кімге шамамыз жетеді, - деп бастады Айтбай Сейітжанұлы.

– Уэльспен болған кездесуде байқадық. Қазақстан құрамасының шабуылы әлсіз. Гол соғатын ешкім жоқ. Жақында «Оқжетпес» қыздарымен  Бұл проблеманы шеше алдыңыздар ма?

– Мен шабуыл шебіндегі барлық қыздарды қарап шықтым. Іздедім. Оқу-жаттығу кезінде де бір мерген шығып қалар деп үміттеніп, бойжеткендер арасынан да қарадым. Жоқ, бізде шабуылшылар. Мүлдем жоқ. Сондықтан бұл мәселені басқаша шешуіміз керек. Бір тактика таңдап алдық. Оны ертең өздеріңіз көресіздер. Ал жақсы шабуылшыларды біз легионерлер арасынан ғана таңдай аламыз. Басқаша жол жоқ. «БИІК-Қазығұртта» гол соға алатын мерген қыздар бар. Дегенмен, Қазақстанның азаматшалары емес.

– Әлемдік рейтингте Босния мен Қазақстан құрамалары көршілес тұр. Бұл біздің деңгейіміздің бірдей екендігін білдіре ме?

– Жоғарыда айтқанымдай, олардың ойындары Уэльстен жақсы. Ал Қазақстанмен салыстырғанда ойыншылары әлдеқайда шебер. Былтыр Англиядан небәрі бір гол жіберген. Содан бері құрамында да бір ғана өзгеріс болыпты. Ал біздің команданың 60 пайызы өзгерген.

– Уэльске қарсы кездесуде 90 минут бойы қорғана ойнаған едік. Ертең Босниямен де сондай тактика пайдаланамыз ба?

– Жоқ, шегінгіміз келмейді. Шабуылға басымдық береміз. Футболда прессинг үшке бөлінеді. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы прессинг. Біз оларды өз айып алаңдарына қысып тастай алмайтын шығармыз. Бірақ, алаң ортасын бермеуге тырысамыз.

– АҚШ чемпионатында шабуыл шебінде ойнайтын қазақ қызы Батия Багалли туралы не айтасыз? Оны ұлттық құрамаға шақыртып көрмедіңіз бе?

– Ол қызды мен жақсы білемін. Ойынын көргенмін. Техникасы жақсы, әлеуеті зор. Бірақ тым әлсіз, шидей қыз. Кішкентай әлі. Жетілсін. Ол біздің резервте бар. Жалпы, резервте бізде 2001-2002 жылғы бес-алты қыз бар. Біз оларды бірден негізгі құрамда алаңға шығара алмаймыз. Әлі дайын емес. Масқара болып ірі есептермен ұтылып, жерге қарағымыз келмейді. Бар футболшыларымызбен ойнай береміз. Ертең біз Боснияны қалайда жеңуге тырысамыз.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика