Вернуться к списку статей

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті міндетін атқарушы қызметінен босатылды

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан алынды
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты осындай мәлімдеме жариялады.

ҚФФ ресми сайты Айсұлтан Назарбаевтың өз өтініші бойынша Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті міндетін атқарушы қызметінен босатылғандығын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтарымен байланыс жөніндегі вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалған болатын.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика