Вернуться к списку статей

"Шахтер" "Қайсарды" ұтып, алтыншы орынға орнықты

Футбол
1K
Қазақстан чемпионатының 30-шы туры аясында Қарағандыда «Қайсарды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңген «Шахтер» турнир кестесінде 6-сатыға көтерілді. Енді «кеншілерді» бұл орыннан ығыстырып шығу қиын болады.

Биыл аталмыш командалар Премьер-лига аясында екі рет кездескен. Екеуінде де Сыр командасы жеңіске жетіпті. Қарағандыда өткен ойын 0:1 есебімен аяқталса, Қызылордада Стойчо Младенов шәкірттері 2:1 есебімен жеңісті жұлып алған. Міне, үшінші кездесуіне де куә болдық. Бұл жолы жеңіс «кеншілерге» бұйырды.

"Шахтер" (Қарағанды) - "Қайсар" (Қызылорда) 2:1 (1:0)

Голдар: Зошак, 31 (1:0). Стоянович, 47 (2:0). Жаңғылышбай, 77 (2:1).

Ескертулер: Дмитренко 29, Жаңғылышбай 43, Мулдаров 60, Курьор 90+3.

«Шахтёр»: Шацкий (к), Стоянович (Наджарян 90+3), Сзоке, Зошак, Хлебоун, Валента, Пикалкин (Ермеков 84), Мангуткин, Шахметов, Дмитренко, Хижниченко (Станоевич 74).

Резерв: Багинский, Омиртаев, Путинцев, Тәттібаев, Тарасов, Воменко.

«Қайсар»: Григоренко, Аржанов (Бойович 58), Камара (Сахалбаев 82), Курьор, Ламанж, Әмірсейітов, Байжанов (к), Коробкин (Нәрзілдаев 58.), Мулдаров, Чуреев, Жаңғылышбай.

Резерв: Исламқұлов, Граф, Алтынбеков, Евстигнеев, Балтаев, Жахаев.

Төрешілер: Рустам Омаров, Алексей Павлов (Алматы), Сергей Попов (Астана)

Қарағанды қаласы, «Шахтер» стадионы. 1500 көрермен.

Бұл терезесі тең командалардың текетіресі еді. «Қайсар» маусымды жақсы бастаса, «Шахтердің» тынысы енді ғана ашылған. Бас бапкерлері де білікті. Саулюс Ширмялис пен Стойчо Младенов бір-біріне лайықты мамандар. Турнир кестесінде де екеуі көршілес келеді. Мұнда өз алаңының факторы басты рөл атқарған сияқты.

Ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Есепті ашатын жүз пайыздық мүмкіндік бірінші қызылордалықтарда болған. Алайда, Тоқтар Жаңғылышбайдың тепкен добы доғаша айналып, қақпа бағанасынан кері серпілді. Ал одан кейін Марат Шахметовтың асырған пасынан кейін қызылордалық қорғаушы Валентин Чуреевтің құшағынан сытылып шығып, франциялық қорғаушы Абдел Ламанждың бойынан асып кеткен допды «Шахтердің» словакиялық легионері Стефан Тошак жерге түсірместен Григоренко қорғаған қақпаға дәл қадады.

Үзілістен кейін де бір-бірінің қателігін аңдысқан командалар алма-кезек шабуылдарын жалғастыра берді. Кенет, «Қайсар» қорғаушыларынан допты тартып алған серб Милан Стоянович Григоренконың сәл алға шығып кеткенін байқады да, 35 метрдей жерден қақпаға қақырата тепті. Есеп – 2:0.

Осыдан кейін естерін жиған қонақтар алға атойлап шапқан. Алайда, тек Тоқтар Жаңғылышбайдың бір голымен ғана жауап қата алды. Қорытынды есеп – 2:1, «Шахтер» турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика